Тиянақты тұжырымдар жасалды
Кеше Ұлытау аудандық ардагерлер ұйымының VII конференциясы өтіп, күн тәртібіне шығарылған мәселелер бойынша тиісті тұжырымдар жасалды. Конференция жұмысына кенттер мен ауылдық округтерден делегаттар онлайн режимінде қатысты.
Алғашқы кезекте аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлімбек Жандарбеков баяндама жасады. Онда есепті мерзім аралығында қарт адамдарға қамқорлық жасау, әлеуметтік, медициналық қызметтердің көрсеткіш деңгейі, жастар арасындағы тәрбие жұмыстары жүзеге асырылғаны туралы жан-жақты айтылды.
Жарыссөз барысында ардагерлер Есенғали Әбжамалов, Жамсап Әшенов орнықты ой-пікірлерімен бөлісіп, ардагерлер ұйымының қызметіне қанағаттанарлық баға берді.
Конференция делегаттары облыстық ардагерлер конференциясына делегат ретінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлімбек Жандарбековтың кандидатурасын ұсынып, бекітті.
Күн тәртібінде қаралған мәселелерге байланысты тиянақты тұжырымдар жасалып, қаулы қабылданды.
Өз тілшімізден.