Қарағанды облысының спорт саласындағы көрсеткіштері

Әуесқой да, кәсіби спорт та – бір орында тұрмайды. Ұлттық спорт күні қарсаңында Қарағанды облысындағы саланың жағдайын бағалап көріңіз.  Көрсеткіштерді дене шынықтыру және спорт басқармасы ұсынды.

Жаппай қатысу

Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында 45 спорт мектебі жұмыс істейді. Онда 33 мың бала мен жасөспірім шұғылданады.

Спорт секциялары – 6 812, онда 419 658 адам жаттығады. Соңғы екі жылда 252 секция ашылды.

Облыста 1 341 дене шынықтыру және спорт ұйымы, спорт түрлерінен 72 федерация жұмыс істейді.

Спорттық инфрақұрылым

Барлық спорт нысандары – 3 155, оның ішінде 1 230-ы ауылдық жерлерде орналасқан.

Жасанды жабыны бар спорт алаңдары – 333; көпфункционалды хоккей корттары – 262; Street Workout – 34 алаңдары.

2021 жылы төрт ДСК пайдалануға беру жоспарлануда: Шахтинск қаласында, Бұқар Жырау ауданының Ботақара ауылында, Ұлытау ауданының Жезді кентінде және Қарсақпай ауылында. Нұра және Жаңаарқа кенттерінде екі жаңа жабық жүзу бассейні ашылатын болады.

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасына спорттың үш жобасы кірді:

— Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ кентіндегі 100 орындық ДСК құрылысы;

— Нұра ауданының Шахтерский ауылында жабық хоккей кортын салу;

— Осакаров ауданы Молодежный кентінің БЖСМ күрделі жөндеу.

Спорттық ғимараттардың қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін биыл тағы 44 спорт алаңын, 8 көпфункционалды хоккей кортын және 25 Street Workout алаңын орнату жоспарлануда.

Ұлттық спорт түрлері

Қарағанды облысында 11 ұлттық спорт түрі бойынша жаттығулар өтеді. Олармен 42 мыңнан астам спортшы айналысады.

2021 жылдың қаңтарында Қарағанды облысының ұлттық спорт түрлерінің қауымдастығы құрылды. Оны Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов басқарады.

Спортта дарынды балаларға арналған Ә. Молдағұлова атындағы мектеп-интернат-колледжінде қазақша күрес бөлімін ашу жоспарлануда.

Биыл көкпардан облыстық чемпионатқа өңірлерден он команда қатысты. Жарыс үлкен ауқымға ие болды.

Көкпардан Қазақстан чемпионатында Қарағанды облысының құрамасы бірінші лигада екінші орын алып, жоғары лигада ойнау құқығына ие болды.

Мүгедектер спорты

Қарағанды облысында 3 856 мүмкіндігі шектеулі адам спортпен шұғылданады.

440 ерекше спортшы облыстық мамандандырылған мектепте жаттығады. Оның ішінде ҚР Еңбегі сіңген спорт шеберлері – 4, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері – 12, ҚР спорт шеберлері – 35. Мектепте спорттың 16 түрі дамыған. 21 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді.

24 тамызда басталатын Токио Паралимпиада Ойындарына екі қарағандылық – Әлия Рахымбекова (жүзу) және Дастан Мұқашбеков (жеңіл атлетика) лицензия алды.