Көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау
Көпбалалы отбасы атандыңыз ба? Онда, ең алдымен, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны рәсімдеуге асығыңыз.
Аталмыш жәрдемақы тек ХҚО арқылы рәсімделеді:
—Тұрғылықты мекенжайыңызға қарасты ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз.
-Тағайындалған уақыттан ХҚО-ға 20 минутқа ерте барыңыз;
Операторға төмендегі құжаттарды өткізу арқылы жәрдемақыға өтініш жазыңыз:
-Жеке куәлік.
-Балалардың құжаттары;
-Банктік есепшот жөніндегі анықтама.
Ескерту: 18 жасқа толған балалары бар отбасыларға жәрдемақы бала жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып жатса және ол 23 жасқа толғанша оқуынан анықтама өткізсе ғана төленеді.
Төлем мөлшері:
4 бала үшін – 16,03 АЕК (44 531 тг);
5 бала үшін – 20,04 АЕК (55 671 тг);
6 бала үшін – 24,05 АЕК (66 810 тг);
7 немесе одан да көп бала үшін – 28,06 АЕК (77 950 тг).
Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 8 жұмыс күні.