Бизнестің қорғауы бар немесе бизнес пен инвестицияларды қорғау бойынша жобаның жұмысы туралы

«Protecting Business and Investments» жобасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Сыртқы істер министрлігінің және Инвестициялар мен даму министрлігінің бірлескен бастамасы бойынша іске қосылды.

Еліміздің барлық аймақтарында арнайы фронт-офистер ашылды. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті инвесторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелденуі-PBI жобалық кеңсесінің қызметін белсенді жүзеге асыруда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуді жүзеге асыру бизнес өкілдері мен инвесторлардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қосылуы арқылы жүргізіледі, мұндай келісімдерде оларға қойылатын жалғыз шарт – бизнесті адал жүргізу. 

Бұл Келісімнің мақсаты Қазақстан Республикасы аумағында Инвестордың инвестициялық жобасының бірлескен күштермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу, соның ішінде жобаның жүзеге асырылуы барысында барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою болып табылады. 

Жоба қолайлы инвестициялық климатты құруға, бизнестің билік институттарына сенімін арттыруға, шетелде еліміздің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған. 

Жобалық кеңсемен шешілген сұрақтар да аз емес. Инвесторлармен тікелей қарым-қатынас аймақта бизнес пен кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін тұстарды анықтауға мүмкіндік берді. 

Келесі оң шешімін тапқан мәселелер бұған оң мысалдар бола алады: 

Мәселен, 2019 жылы «Найдоровское» ЖШС келісім аясында қатысып өзара әріптестікті қолдады. Кәсіпорында интернет арқылы қызмет көрсететін жоғары технологиялық техникалық жабдық бар. Бірлеске жұмыстың және «Қазақтелеком» АҚ филиалының арқасында ұзақ уақыт қол жеткізе алмай жүрген антенно-мачталық құрылысқа антенно-жеткізгіш құрылғыны орнатуға техникалық шартты алды. 

Мұнымен қоса Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке көмек қол ұшын сұрап «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС жүгінген болатын. Өз қызметін жүзеге асыру барысында кәсіпорын жұмысшылары төтенше жағдай кезіндегі өткізу режимімен байланысты әкімшілік кедергілерге жолықты. Жасалған келісімшарт аясында барлық әкімшілік кедергілер жойылып, бұл мәселе ЖШС пайдасына шешілді. 

Осындай мәселе бойынша 2020 жылдың сәуір айында Департаментке «Қарағанды қаласының зарарсыздандыру» ЖШС өтініші түсті, бұл өтініш те кәсіпкердің пайдасына шешілді. 

Инвесторлардан бөлек бізге отандық және шетелдік кәсіпкерлер де жүгінеді, мәселен, Департаментке Польша Республикасының Қазақстандағы төтенше уәкілетті елшісінің «Arcelor Mittal Temirtau» АҚ-ның «Ecol Sp.z.o.o» поляк компаниясына қарызы туралы өтініші түскен болатын. Департаменттің араласуынан соң, орындалған контракт бойынша төлем толық мөлшерде төленді. 

2020 жылдың қыркүйек айында Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаментіне РВІ жобасының жетекшісі Олег Владимирович Савеленко іссапармен келген. Кездесу барысында отандық және шетелдік инвесторларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісілген тарту үшін жағдай туғызу бойынша мәселелер талқыланды. 

Аталған кездесудің өтуі елдегі бизнес жобаларды жүзеге асыру барысында анағұрлым жиі кездесетін түйткілді мәселелерді қарастырудағы тәжірибелермен бөлісуге мүмкіндік берді. Өткізілген кездесудің қорытындысы бойынша Қарағанды облысы аумағындағы жобалардың дамуы мен жүзеге асырылуы бойынша келешек жоспарлар белгіленді.

 08.09.2020 ж. «Protecting business and investments» жобасының қызметіне байланысты және бизнес пен инвестицияларды қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мен түйткілді мәселелерді талқылау мақсатында Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаментімен кәсіпкерлік саласында өкілетті органдармен – «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ және «Kazakh Invest» ҰК АҚ мен «Атамекен» ҰКП аймақтық өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында кәсіпкерлер мен инвесторлар кездесетін келеңсіз мәселелер талқыланды. 

 

09.09.2020 жылы Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаментінің «Antikor ortalyǵy» сервистік орталығының ғимаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасының басшыларының және «Kazakh Invest» ҰК АҚ мен Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының аймақтық өкілдерінің инвесторлар мен автобустарды құрастыру бойынша «YUTONG» (Қытай), электролиттік марганец өндіру бойынша «Син Бан» КТНК» ЖШС (Қытай), «Борлы» кен орнында катодты мыс өндіру бойынша Irkaz Metal Corporation» ЖШС (Иран), Балқаш қаласында күн электрстанциясы «Kaz Green Energy» (Қазақстан) секілді Қарағанды облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатқан және осы жобаға қосылуға ниет білдірген зауыттар өкілдерімен кездесуі өтті. 

Кездесу барысында жоғарыда аталған инвесторлармен Қарағанды облысы аумағында бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы 4 келісімге қол қойылды. 

01.10.2020 ж. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша жүзеге асырылып жатқан «Protecting business and Investments» (PBI) жобасы туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан білген «Тумарстрой 18» ЖШС директоры жүгінді. «Тумарстрой 18» ЖШС «Көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысы» инвестициялық жобасын жүзеге асыруда. Аталған жоба Қарағанды қаласында қолжетімді және сыйақылық тұрғын үйлердің көбеюіне бағытталған. Бұл жобаға өз сенімін білдіре отыра «Antikor ortalyǵy» сервистік орталығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаменті мен «Тумарстрой 18» ЖШС директоры арасында инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойылды.

 Департаментпен PBI жобасы аясында Қарағанды облысының инвесторлары және кәсіпкерлерімен жалпы сомасы 1 триллион 500 миллиард теңгені құрайтын 51 келісім жасалғанын атап өткен жөн.

 Барлық жобалардың лайықты сүйемелденуі елімізде қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыруға септігін тигізеді. Департамент мамандары кәсіпкерлер бейбіт және еркін өз бизнестерін дамыту үшін еңбек етуге ниетті. Өз кезегінде инвесторлар үшін жалғыз талап адал және ашық бизнес жүргізу бола бермек. Барлық сұрақтар бойынша Қарағанды қ., Әлиханов көш. 12 мекенжайы бойынша орналасқан «ANTIKORORTALYGY» сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталыққа немесе 8(7212)913680 телефоны бойынша жүгіне аласыздар.