Софья Берульцева — Токио Олимпиадасының қола жүлегері

Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Токиодағы Олимпиада ойындарының жартылай финалында мысырлық Ферьял Абдельазизға есе жіберді.

61 келі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз 4:5 есебімен жеңіліп, финалдық кезеңге өте алмай қалды. Әйтсе де, ол Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Айта кетейік, бұл ел қоржынындағы 2 қола жүлде. Ал, биыл алғаш рет енгізілген каратэ спорты бойынша 2 қола. Бұған дейін Дархан Асәділов қола медаль алған болатын.