Аудан әкімінде – жаңа орынбасар

Облыс әкімі аппаратының келісімі негізінде, Ұлытау ауданы әкімінің 2021 жылғы 2 тамыздағы өкіміне сәйкес, 2021 жылдың 3 тамызынан бастап, Жомарт Сәбитұлы БЕГАЕВ Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Жомарт Сәбитұлы 2004 жылы Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін электрлендіру және электрмен жабдықтау мамандығы бойынша тәмамдап, 2012 жылы Қарағандыдағы «Болашақ» университетінен экономика біліктілігі бойынша екінші жоғары білім алған.

Еңбек жолын 2003 жылы Ұлытау ауданы әкімі аппараты жедел басқару бөлімінің бас маманы болып бастаған.

– 2005-2006 жылдары – Ұлытау ауданының қала құрылысы, құрылыс тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы;

– 2006-2010 жылдары – Ұлытау ауданы әкімі аппаратының басшысы;

– 2010-2012 жылдары – Жезқазған қаласы әкімінің көмекшісі, қала әкімі аппаратының басшысы; – 2012-2017 жылдары – Жезқазған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы;

– 2017-2020 жылдары – Ұлытау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы;

– 2020 жылдың наурыз айынан бастап, тағайындалғанға дейін «Nur Otan» партиясы Қарағанды облыстық филиалы Ұлытау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.