«Жаяу» жобасы: Ұлытаулықтар Асхат Қажытайды күтіп алды
«Қарағанды — Ұлытау» бағытындағы 777 шақырымды жаяу жүріп өтуді көздеген Асхат Қажытай мақсатына жетті. Бүгін Ұлытау ауданының әкімі Советбек Медебаев бастаған азаматтар «Жаяу» жобасын қарсы алды, деп хабарлайды Ulytaynews.kz
«Бүгін #Жаяу жобасы аясында «Қарағанды-Ұлытау» бағытымен 777 шақырымды бағындырған Асхат Қажытайды ел болып күтіп алдық. Қажырлы азаматқа бағалы бастамасы үшін тұрғындар мен өз атымнан алғыс айтып, қазақы дәстүрмен иығына шапан жаптым. Аудан әкімінің Құрмет грамотасын тапсырдым. Алдағы жоба-жоспарларына сәттілік тіледім. Ақжаулықты әжелер шашу шашып, ұлттық дәм – бауырсақ пен қымыз ұсынды.Ақсақалдар қауымы ақ батасын берді.Асхаттың бұл қадамы Ұлытаудың танымалдылығын арттырып, қасиетті өңірде туризмнің одан дамуына ықпал етуі тиіс», — деп жазды аудан әкімі Советбек Медебаев өзінің «Фейсбук» парақшасында.