Ұлытау ауданында тоңазытқыштан азық-түлік ұрлаған күдікті ұсталды
Қарағанды облысында тоңазытқышта тұрған азық-түлікті ұрлап кеткен ер адам ұсталды. Оқиға 18 шілде күні болған. Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Полиция бөліміне 64 жастағы әйел хабарласып, белгісіз біреулер шаруашылық аумағындағы жеке үйге кіріп, 1 апталық азық-түлігін алып кеткенін айтып шағымданған, деп хабарлайды Saryarqanews.kz
Жәбірленушінің арызынан соң ҚР ҚК 188 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Келтірілген шығын көлемі — 19 мың теңге. Іздестіру барысында тәртіп сақшылары күдікті 40 жастағы ер азамат екенін анықта. Ол осы шаруашылықтың жұмыскері екен. Бірақ, полиция келгенше оқиға орнынан қашып кеткен. Әйтсе де, 29 шілде күні жеде іздестіру шаралары барысында қолға түсті. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.