Ұлытау ауданында дала өрті жойылды

27 шілде сағат 16:24-те Ұлытау ауданында 25 шілдеде басталған ірі дала өрті жойылды. Өрттің жалпы аумағы 6000 га құрады.


Өртті сөндіруге ТЖ департаментінің бөлімшелері, орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы орган, полиция бөлімі, өртке қарсы ерікті құрылымдар және жергілікті тұрғындар қатысты.
Қарағанды облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын ормандар мен далаларда өрт қауіпті кезеңде отты қолдану кезінде ерекше сақтықты сақтауды сұрайды.