Ұлытауда сайлауды 44 бақылаушы мен сенімді өкілдер бақылауда
Ұлытау ауданы аумағындағы сайлау учаскелерінде 44 бақылаушы мен кандидаттардың сенімді өкілдер жұмыс істеуде. Сайлау барысында қандай да бір заң бұзушылық тіркелген жоқ.
Аудандық сайлау комиссиясының дерегінше, сағат 17: 00-де сайлаушылардың келуі 72,53%-ды құрады. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері сайлау күні жеке құрам күшейтілген кезекшілік режимде жұмыс жасауда. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері анықталған жоқ.
Сайлау барысында келушілердің температурасы өлшеніп, комиссия мүшелері коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алған.