Қарағанды облысында Ashyq жүйесі бойынша 1 700-ден астам бизнес нысаны жұмыс істейді
Қарағанды облысында Ashyq жүйесіне сауда үйлері мен автовокзал қосылды. Бүгінгі таңда өңірде келушілердің мәртебесін анықтайтын қосымшамен 1 721 бизнес нысаны жұмыс істейді.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының ақпараты бойынша, облыста Ashyq-ты 65 сауда-ойын-сауық орталығы қолданылады. Ғимаратқа кіру — «жасыл» және «көк» мәртебелері арқылы ғана рұқсат етіледі.
Қосымшаның арқасында маусым айынан бастап «қызыл» мәртебесі бар 228, «сары»мәртебесі бар 401 келуші анықталды.
– Кіре берісте Ashyq арқылы күзетшілер барлық келушілердің мәртебесін тексереді. Егер жолаушыда қосымша орнатылмаған болса, онда ЖСН тіркеу қажет. Сондай-ақ, Ashyq әр тасымалдаушы компанияның автобустарында бар, – деді Қарағанды автовокзалы директорының орынбасары Гүлнәр Мұқатова.
Дереккөз – Қарағанды облысының әкімдігі