Алапат өрт ауыздықталды
Қарағанды облысында табиғи өрттердің жағдайы тұрақтанды. 8 шілде күнгі жағдай бойынша бақылауда бес ошақ қалып отыр.
Барлық ұсақ дала жануы жойылды. Ұлытау ауданында, Жангелді, Ақтас, Шеңбер және Амангелді ауылдық округтерінің аумағында ірі ошақтар оқшауланды. Жою жұмыстары жалғасуда.
Сондай-ақ, Ақтоғай ауданының Ортадересін ауылдық округінің аумағында болған өрт ауыздықталды.
Қарағанды облысы ТЖД ақпараты бойынша