Жезқазғанда 20 жас дәрігер пәтер алды

Кәсіби мереке қарсаңында Жезқазғанның Денсаулық сақтау саласының 20 жас қызметкеріне пәтер кілттері табысталды. Жаңа қоныстанушылар үшін бақытты сәтті «Қазақмыс» корпорациясының демеушілік көмегінің арқасында сыйлау мүмкіндігі туды. Барлық пәтерлер жаңа үйде орналасқан.

Қала әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова кілттерді табыстау кезінде дәрігердің жұмысы – әлемдігі ең маңызды екенін атап өтті. Ол ақ халаттыларға мықты денсаулық, істеріне табыс және отбасыларына амандық тіледі.

«Сенім» кәсіподақ ұйымы мерекелік құттықтау эстафетасына қосылып, жаңа қоныстанушыларға қысқа толқынды пештер сыйлады.

Жезқазған қаласының медицина қызметкерлері «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Алтын дәрігер», «Кәсіби жетістіктері үшін» және «Мейірім» төсбелгілерімен марапатталды. Өз жұмысына адал ниетпен қараған қызметкерлерге ҚР Денсаулық сақтау министрінің, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының, Қарағанды облысы және Жезқазған қаласы әкімдерінің, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Nur Otan партиясы филиалының Құрмет грамоталары табыс етілді. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласының он өкілі Жезқазған әкімінің 100 мың теңге көлеміндегі сыйлығына ие болды.