Өнер қызметкерлеріне партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды
«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Виктория Ставицкая өзге де кандидаттармен бірге Жезқазған қаласындағы С. Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кандидаттар театр қызметкерлеріне партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы жоспарлары мен негізгі басымдықтарына тоқталды.

Әңгіме барысында мәдениет пен өнер саласын дамыту, шығармашылық ұжымдарды қолдау, мәдени инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қозғалды.
Театр ұжымы өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кандидаттар көтерілген мәселелерді назарға алып, партияның сайлауалды бағдарламасы аясында белгіленген міндеттер туралы ақпарат берді.
Дайындаған:
«Әділет» партиясы
Ұлытау облыстық филиалының
баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші:
Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
