Конкурс жариялайды

Қарағанды облысы білім басқармасының Ұлытау ауданының білім бөлімінің «Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қарағанды облысы білім басқармасының Ұлытау ауданының білім бөлімінің «Мінәжат Мыңқаев атындағы №10 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Орналасқан орны (мекен-жайы): Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы, Б.Бұлқышев 17 үй.

Лауазымдық жалақысы:

Санаты Қызмет атқарған жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы (теңге)  
А1-3 1 жылға дейін 25 жылдан жоғары
  90786 110075

Үміткерлерге қойлатын біліктілік талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог — сарапшының, педагог — зерттеушінің, педагог — шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).

Лауазымдық міндеттері:Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заңдарын, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы”, “Қазақстан Республикасында отбасы және неке туралы” Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы; педагогикалық психологияны; педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; қаржы — шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек негіздері туралы заңнамаларды; санитарлық ережелер мен нормаларды білу.

Аталған конкурс 21.05.2020 жылғым №213 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығы негізінде өзгерістер енгізілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде қабылданады.

Құжаттар тізімі:

1) осы Қағиданың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке тұлғаны куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

11) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

14) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті мәліметтерді мына мекен-жай бойынша білуге болады: Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы, Б.Бұлқышев көшесі, 17 үй, байланыс телефоны ұялы байланыс 87770723086, қызметтік номер 21427.

«Ұлытау ауданының білім бөлімі» ММ.