Ипотеканың бастапқы жарнасы 10%-ға дейін төмендейді

«Отбасы банк» арқылы берілетін ипотеканың бастапқы жарнасын 10%-ға дейін төмендету көзделіп отыр.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұл мәселені «Отбасы» банкімен бірлесіп пысықтап жатыр. Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.