Кандидаттар ұстаздармен кездесті
Кандидаттардың тұрғындармен кездесулері жалғасуда. «Әділет» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Әлдібек Тәуекелов өзге де кандидаттармен бірге Жезқазған қаласындағы №3 жалпы білім беретін мектептің ұстаздарымен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, оның ішінде білім беру саласына қатысты басым бағыттарға тоқталды.

Атап айтқанда, алдағы бес жылда Ұлытау облысында жаңа мектептер мен балабақшалар, спорт нысандары және мәдениет ошақтарын салу көзделген. Бұл бастамалар өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға, білім беру сапасын арттыруға және тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді.
Дайындаған:
«Әділет» партиясы
Ұлытау облыстық филиалының
баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші:
Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
