«Ұлытау-Арқалық» жолы жөнделді

«Жезқазған-Петропавл» жолының Ұлытау облысы аумағындағы бөлігін орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Республикалық маңыздағы күре жолдың Ұлытау ауылы мен Қостанай облысы шекарасына дейінгі 109 шақырымы жаңғыртылды. Асфальт төселіп, жол бойындағы жиырмаға жуық суағар құбыр мен екі көпір жөнделді.

Мерей Шахарбаев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры:

– «ҚАЖсервис» мекемесі бар. Жолды күтіп ұстау солардың міндетінде. Бірақ мердігер компаниялардың бұл жолға бес жылдық кепілдігі бар. Зауыттары осында орналасқан. Жолдың бүлінген жерлерін уақытында жөндеп отырады. Тек ауыр жүк көліктерінің жолға шықпауын қадағаласақ, бұл жол көп жыл ел игілігіне қызмет ететін болады.