Ешкім ата-ананы баласымен жүргені үшін арбасын жинауға мәжбүрлей алмайды – Көлік министрі

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Көлік министрі Әсел Жанасова желідегі парақшасында жазды.

«Ешкім ата-ананы кішкентай баласымен жүргені үшін арбасын жинауға немесе автобустан түсуге мәжбүрлей алмайды. Көлік министрі ретінде қоғамдық көліктің балалы отбасылар үшін ыңғайлы әрі қолжетімді болуы мен үшін аса маңызды», – деп жазды ол.

Министр ата-аналардан келіп түскен өтініштер мен сауалдарды ескере отырып, тиісті ережелерді қайта қарауға жіберу туралы шешім қабылдағанын жеткізді.