Ұлытау облысының әкімі Ұлытау ауданының тұрғындарымен кездеседі
18 қараша күні сағат 11:00-де Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен Ұлытау ауданының тұрғындарымен кездесу өткізеді, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу Абай көшесі, 1 мекенжайында орналасқан Ұлытау аудандық мәдениет үйінде өтеді.
Кездесу барысында Есет Байкен тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстары мен пікірлерін тыңдайды.
Кездесу басталғанға дейін облыстық басқармалардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттер басшыларының азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылады. Ал кездесу аяқталғаннан кейін облыс әкімі тұрғындарды өзекті мәселелері бойынша жеке қабылдайды.
