Елімізде сұйытылған газдың көтерме бағасы өзгермеуі мүмкін

Энергетика министрлігі 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасын қазіргі деңгейде қалдыруды жоспарлап отыр.

Министрлік тиісті бұйрық жобасын әзірледі.

Құжатқа сәйкес, ішкі нарыққа биржадан тыс жеткізілетін газдың құны бұрынғыдай тоннасына 59 722 теңге (ҚҚС есепке алынбағанда) деңгейінде бекітілмек.

Бұл баға 2026 жылдың басынан бері өзгеріссіз келеді.

Құжат «Ашық НҚА» порталында 27 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.