Бағдат Мусин: «Қарағандыда ІТ технологияларды дамыту үшін бәрі бар»

ІТ-индустрияны дамыту үш элементті қажет етеді: дарынды мамандар, оларды біріктіретін хабтар және венчурлік инвестициялар. Алғашқы екеуі Қарағандыда сәтті жұмыс істейді. Бұған өзінің жұмыс сапары кезінде Қарағандыдағы ІТ-хабқа барғанда Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин көз жеткізді. Ол облыс әкімі Жеңіс Қасымбекпен бірге жергілікті IT қоғамдастықпен кездесу өткізді.

Террикон алқабы 2014 жылы іске қосылды болатын. Оның құрылтайшылары өздерінің алдына үлкен мақсат қойды – ол Қарағандыда экожүйені дамыту. Бүгінде ол сәтті жүзеге асырылуда.

IT-hub – бұл білім беру, IT-қоғамдастық құру және жұмыс іздеу платформасы. Мұнда біліктілікті арттыру шаралары үнемі өткізіліп тұрады. Әр апта сайын мұнда IT және диджитал-мамандар Қарағандыдағы ірі компаниялардың өкілдерімен кездеседі. Қоғамдастық мүшелері қазақстандық және шетелдік ұйымдардан, инвесторлардан және әлеуетті серіктестерден тапсырыс пен ұсыныстар алады.

Кездесуде ақпараттық технологиялар саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Аймақ шындығына сүйене отырып, облыстың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарына инновациялар мен стартаптарды енгізу туралы сөз болды. Қазір барлығы нарықтағы ұстанымдарды сақтауға көмектесетін цифрландыру екенін түсінеді.

Бағдат Мусин өз министрлігінің жоспарларымен де бөлісті. Бұл инвестициялық гранттар, венчурлық инвестициялар және IT мектептерін құру. Оның айтуынша, облысмыз үлкен әлеуеті бар, оны дамыту керек.

– Қарағандыдағы ІТ-қоғамдастық өте керемет. Ол үлкен жобаларды дүниеге әкелуге қабілетті. Мұнда IT-мамандары және кәсіпкерлік рух бар, ең бастысы, әкімдіктің қолдауы бар. Сондықтан «Террикон алқабының» болашағы зор. Енді облыстық әкімдік алдында Қарағандыда дүниеге келген ақылды элементтерді бүкіл аймаққа тарату міндеті тұр, – деді Бағдат Мусин.

Министр сонымен қатар Урбанистика орталығының жобаларымен танысты. Қала үшін олардың жұмысы мен қызметкерлерінің шығармашылығы қажет екенін атап өтіп, оларға жаңа идеялар мен қала басшылығымен және тұрғындарымен тығыз ынтымақтастықта болуды тіледі.

Ақпарат үшін, Қарағанды IT-хабы екі бағытта жұмыс істейді. Біріншісі –акселерация бағдарламасы. Ол бастапқы кезеңде стартаптардың дамуын жеделдету процесіне бағытталған. Екіншісі, неғұрлым жалпыланған бағдарлама – инкубация. Мұнда қатысушыларға мүмкіндіктер көбірек. Білім базасына қол жеткізу, сарапшылардың кеңестері, инвестицияларды тартуға көмек.