Қарағандыда 18 маусымда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Қарағандыда, Қазыбек би атындағы аудан аумағында («Кирзавод») 18 маусымда терроризмнің шартты актісінің жолын кесу және оның зардаптарын жою бойынша терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізілетін болады.

Іс-шараның мақсаты терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қарағанды облыстық жедел штабының күштері мен құралдарының дайындығын тексеру болып табылады.

Оқу-жаттығу жауынгерлік жағдайларға барынша жақындатылған. Қала қонақтары мен тұрғындарынан сабырлы болуды және дүрбелеңге түспеуді сұрайды.

Қарағанды облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ақпараты бойынша