Еліміздің ең қарт тұрғыны Түймегүл Темірбаева 116 жасында дүниеден өтті
Қаралы хабарды Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігі жеткізді.

Түймегүл Темірбаева 1910 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысының Байқадам ауданында жылқышы отбасында дүниеге келген.
22 жасында Аязбай Темірбаевпен шаңырақ көтеріп, Жаңаарқаға қоныс аударған.
Олар төрт бала тәрбиелеп, 15 немере, 25 шөбере сүйген.
Жұбайы да ұзақ ғұмыр кешіп, 96 жасында өмірден өткен.
