Қазақстанда мерзімді әскери қызметтің жаңа үлгісіне көшу жоспарланып отыр

Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Аида Балаева әскери реформа жоспарын таныстырды.

Әскери қызмет екі кезеңге бөлінеді: сарбаздар алғашқы 6 айда оқу орталықтарында даярлықтан өтіп, кейінгі 6 айда әскери бөлімдерде қызмет етеді.

Қарулы Күштердің құрылымын жаңарту, басқару жүйесін жетілдіру және Ұшқышсыз жүйелер күштерін құру көзделген.

Әскери қызметшілердің қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау үшін арнайы уәкіл және әскери консультанттар институттарын құру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ «Жас айбын» әскери-патриоттық даярлық жүйесін дамыту және әскери мектептер желісін кеңейту ұсынылды.