Президент Пәкістан Премьер-Министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Пешавардағы мектеп ғимараты шатырының опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Премьер-Министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Пәкістан халқының қайғысына ортақтасып, зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.