Ақордада елімізге ресми сапармен келген Камбоджа Корольдігінің Премьер-Министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті 17.10.2026 Салтанатты іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын шырқады. Post Views: 12