Айыппұл салынады
Құрметті Ұлытау ауылының тұрғындары!
«Ұлытау ауданының құрылыс бөлімі» ММ бүгінгі күнге «Ұлытау ауылында кәріз жүйесінің құрылысын салу» жобасының бірінші кезеңі орындалғанын және ағымдағы жылы «Ұлытау ауылында кәріз тазалау ғимараттарының құрылысын салу» атты екінші кезеңін іске асыру жалғасатынын хабарлайды.
Алайда, кәріз жүйесінің толықтай іске қосылмағандығына қарамастан, жекелеген ауыл тұрғындары тарапынан осы жүйеге өткен жылғы күзгі, ағымдағы жылғы қысқы-көктемгі кезеңде тұрмыстық күл-қоқыстарды шығару, дәрет қалдықтарын ағызу фактілері орын алуда.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 331-бабына сәйкес, сарқынды суларды ағызуға арналған жабдықты пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (26 510 теңге), лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық (106 040 теңге), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс (185 570 теңге), iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз (530 200 теңге) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, құрылыс нысандарын санитарлық және құрылыс талаптарына сәйкес сапалы жүргізу және аяқтау мақсатында, Ұлытау ауылындағы кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, қабылдайтын мерзімге дейін жүйені пайдаланбауды, тұрмыстық күл-қоқыстар төкпеуді, тұрмыстық және дәрет қалдықтарын ағызбауды сұраймыз.
Ұлытау ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.