Ұлытау облысында Қарттар күніне орай 20 000 теңгеден әлеуметтік төлем беріледі

1 қазан – Қарттар күніне орай Ұлытау облысында жасына байланысты ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге 20 000 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем беріледі.

Аталған әлеуметтік төлем «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына» сәйкес жергілікті атқарушы органдардың шешімдері негізінде жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда ең төменгі зейнетақы алатын 6 199 зейнеткерге біржолғы әлеуметтік төлем аударылуда.

Маңызды! Төлемді алу үшін өтініш берудің қажеті жоқ. Қаражат тиісті санатқа жататын азаматтардың есепшоттарына автоматты түрде аударылады. Төлемдерді аудару жұмыстары ағымдағы жылдың 20 қыркүйегі мен 10 қазаны аралығында жүргізіледі.