Жезқазған–Қызылорда автожолының реконструкциясы: жыл соңына дейін көлік қозғалысы толық ашылады

Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен Жезқазған–Қызылорда бағытындағы автожолдың реконструкция жұмыстарының барысын қайта бақылап, нысандардағы қазіргі жағдаймен танысты. Республикалық маңызы бар жолдың құрылысын «Қазавтожол» ұлттық компаниясы жүзеге асыруда.

Қазіргі таңда жолдың сегіз учаскесінің үшеуінде үш қабатты асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды. Тағы екі учаскеде үшінші қабатты асфальт төсеу жұмыстары басталды.

Сонымен қатар екі көпірдегі құрылыс жұмыстары 80%-ға аяқталған. Жезқазған қаласынан шығаберіс аумақта топырақ жұмыстары толық аяқталып, жақын арада асфальт төсеу жұмыстары басталады.

Үш учаскеде жолдың көлденең және бойлық таңбаларын сызу жұмыстары жүргізілуде.

Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін көлік қозғалысын ашу көзделіп отыр.