Теміртау тұрғыны бэтмобиль құрастырды
Теміртаудың отыз жастағы тұрғыны Евгений Бондаренко бэтмобиль құрды. Ерекше көлікті құрастыруға ол үш жыл уақытын жұмсаған.
Евгений онлайн-сауда саласында жұмыс істейді. Бала кезінен ол Бэтмен мен Кристофер Ноланның «Тёмный рыцарь» дастаны туралы фильмнің жанкүйері болған.
– Мен бала кезімнен фильмдерді, комикстерді жақсы көремін. Барлығы содан басталды. Мен бэтмобиль құрастыруға тырыстым. Алдымен жобасын үйімде еденге салдым. Содан кейін оны іс жүзінде жасап шығарудың жолдарын ойластырдым. Өз жобамды «Форд» жүк көлігінің артқы көпірінен бастадым. Содан кейін мен басқа көліктердің бөлшектерін қолдандым, – деді Евгений.
Евгенийдің бэтмобилі әлі аяқталған жоқ. Бірақ оссы қалпында да жүргізуге жарамды. Әзірге жоба авторы тест-драйв өткізбеген. Бірақ ол өзінің ерекше темір тұлпарын жарнама жасау үшін пайдалануға және онымен бірге көрмелерге қатысуға ниетті.
– Қазіргі уақытта мен жол талғамайтын көлік құрастырумен айналысқым келеді. Оның өткізгіштігі өте жоғары болады. Әрине, ол бэтмобильге қарағанда қарапайымырақ болады, – деп Евгений жоспарларымен бөлісті.