Депутаттар Құрылтай Төрағасының орынбасарларын сайлады
«Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 11-бабына сәйкес Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай өзінің орынбасарлары лауазымына Нұрлан Бекназаровтың, Дания Еспаеваның және Динара Зәкиеваның кандидатураларын ұсынды.

Дауыс беру ашық форматта өтті. Депутаттар Спикердің ұсынысын қолдады.
