Жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ ата-аналар мен ұстаздарға үндеу жасады

Оқу жылы басталғанда балалар үйден тыс жерде көбірек уақыт өткізеді. Мектепке өздері барып-қайтады, түрлі үйірмелерге қатысады. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі жолдағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.