Жылыту маусымы: Ұлытау облысындағы дайындық
2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық мақсатында барлық қаржыландыру көздерінен 28,5 млрд теңге қарастырылған.

Қазіргі таңда жылу көздері мен қазандықтарда жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жылу және электр желілері, сумен жабдықтау және су бұру жүйелері жөнделіп, реконструкциялануда.

Атап айтқанда, 48,7 км жылу желісінде, 1 272,4 км электр желісі мен 331 қосалқы станцияда, сондай-ақ 55,9 км су құбыры және кәріз желілерінде тиісті жұмыстар атқарылуда.

Сонымен қатар әлеуметтік сала нысандары мен көппәтерлі тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындау жұмыстары жүргізілуде. Бюджеттік ұйымдар мен халықты көмірмен қамтамасыз ету бойынша да тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда.
