Құндылықтарға – ұрпақ құрметі

Еліміздің бойтұмардай сақтайтын айрықша белгілері – Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұлар – мемлекеттілікті айқындайтын нышандар. Қазір қолданыста жүрген рәміздер – халқымыздың ел Тәуелсіздігімен бірге қол жеткізген құндылықтарының бірі.

Бүгінгі таңда Көк Туымыз көгімізде желбіреп, Әнұранымыз шырқалып, Елтаңбамыз өшпес таңбаға айналды. Аузын айға білеген көптеген мемлекеттер Қазақстанды Әнұраны, Туы мен Елтаңбасынан таниды. Сондықтан, бұл мерекенің шоқтығы биік. Ел өмірінде мәні мен маңызы ерекше.

Тәуелсіздігіміздің айғағы – Мемлекеттік рәміздер күні Ұлт ұясы – Ұлытауда ыстық ықылас, зор құлшыныспен атап өтілді.

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты мерекелік бағдарлама көпшілік назарына онлайн форматта ұйымдастырылып ұсынылды. Айтулы шараға халық жаппай қатыса алмаса да, ұлттық құндылықтарды ұлықтау жоғары деңгейде өткізілді.

Қайрат ЖҰМАБАЙ