Заңға құрмет – елге құрмет

Ұлытау аудандық орталықтандырылған кітапханасында құқықтық мəдениетті қалыптастыру, азаматтардың заңға деген құрметін арттыру жəне құқықтық сауаттылықты насихаттау мақсатында «Заңға құрмет – елге құрмет» атты заң қызметкерлерімен кездесу өтті. Танымдық іс-шара тұрғындардың құқықтық білімін кеңейтіп, заң талаптарын түсіндіруге жəне қоғамда заң үстемдігін дəріптеуге бағытталды.

Кездесуге құқық қорғау саласының мамандары қатысып, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдық тəртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзекті өзгерістер жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Мамандар күнделікті өмірде жиі кездесетін құқықтық мəселелерге тоқталып, тұрғындардың заң аясында əрекет етуінің маңызын түсіндірді.
Шара барысында қатысушылар өздерін толғандырған түрлі құқықтық сауалдарын қойып, заң қызметкерлерінен нақты əрі жан-жақты жауап алды. Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу өзара сенімге негізделген еркін диалог алаңына айналып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік берді. Əсіресе тұрмыстық, еңбек, əлеуметтік қамтамасыз ету жəне əкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты сұрақтар кеңінен талқыланды.
Кездесуде заңды құрметтеу – əрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігінің көрінісі екені ерекше атап өтілді. Құқықтық мəдениеті жоғары қоғамда тəртіп пен тұрақтылықтың нығая түсетіні, ал заң талаптарын сақтау елдің дамуы мен қоғамдық келісімнің басты кепілі екені айтылды. Мамандар жастар арасында құқықтық тəрбиені күшейтіп, заңға бағыну мəдениетін ерте жастан қалыптастырудың маңыздылығына да тоқталды.
Іс-шара соңында кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған құқықтық əдебиеттер көрмесіне шолу жасалды. Көрмеге заң саласына қатысты жаңа басылымдар, анықтамалықтар мен танымдық əдебиеттер қойылып, қатысушылар олармен танысуға мүмкіндік алды. Бұл көрме азаматтардың құқықтық білімін толықтырып, қажетті ақпаратты сенімді дереккөздерден алуына жол ашты.
Осындай мазмұнды кездесулер тұрғындардың құқықтық санасын қалыптастырып қана қоймай, заң үстемдігін нығайтуға, қоғамдағы əділдік қағидаттарын орнықтыруға жəне мемлекет пен азамат арасындағы өзара сенімді арттыруға ықпал етеді. Заңды құрметтеу – өркениетті қоғамның басты өлшемі, ал құқықтық сауаттылық – əрбір азаматтың өз құқығын қорғап, өз міндетін адал орындауының берік негізі.

Бақытгүл БЕЙБІТОВА,
аудандық кітапхананың кітапханашысы.