Жол ережесін сақтау – қауіпсіздіктің кепілі

Жедел басқару орталығы (ЖБО) арқылы жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды. Атап айтқанда, жүргізуші қосарланған тұтас жолақ арқылы бұрылып, жол қозғалысы талаптарын бұзған.

Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерлерден жолды кесіп өту жағдайлары да тіркелуде. Мұндай әрекеттер жол-көлік оқиғасының орын алу қаупін арттырып, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Құрметті жүргізушілер! Жол белгілері мен жол қозғалысы талаптарын қатаң сақтаңыздар!

Құрметті жаяу жүргіншілер! Жолды тек белгіленген өткелдер арқылы кесіп өтіңіздер.

Жол қауіпсіздігі – әр адамның ортақ жауапкершілігі!