БЖБ мен ТЖБ оқу бағдарламасынан алынуы мүмкін

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

«Бастауыш сыныптардағы БЖБ мен ТЖБ-ны дайындау мұғалімдердің көп уақытын алады және оны өткізу үшін шамамен 4 мың парақ қағаз жұмсалады», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Алдағы уақытта оқушылардың қолмен жазатын бақылау жұмыстарының жаңа түрлері қарастырылуы мүмкін. Министр балаларға қолайлы, ал мұғалімдер үшін тиімді бағалау жүйесін енгізу қажет екенін айтты.