Мереке иелеріне – қапысыз құрмет

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерінің төл мерекесі. Осыған орай, аудандық мәдениет үйінде «Ел игілігі жолындағы адал қызмет» атты салтанатты жиын өтті. Іс-шарада мереке иелеріне қапысыз құрмет көрсету рәсімінің ұйымдастырылуы мен өткізілуіне аудан әкімдігі мен аудандық полиция бөлімі ұйытқы болды. Жиында полицилер мен мемлекеттік қызметшілерді лайықты қадірлеп, құшақтарын гүлге толтырды. Ұйымдастырушы тарап, әсіресе, еңбек ардагерлеріне ықылас танытты. Төрге оздырып, айрықша құрмет көрсетті.

Салтанатты жиынды аудан әкімі Аманжол Мырзабеков құттықтау сөзбен ашып, аталған мамандық иелеріне алдағы уақытта да жемісті еңбек тіледі. Әуелі бір топ мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлеріне және еңбек ардагерлеріне Құрмет грамоталар, Алғыс хаттар, төсбелгілер табысталды. Сонымен қатар, шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен марапатталған көпбалалы ана Гүльзира Исмагуловаға «Күміс алқа» белгісі берілді.
Осыдан кейін мемлекеттік қызметшілер құрмет төрінен көрінді. Ұлытау облысы әкімінің Құрмет грамотасына – аудан әкімінің орынбасары Алмаз Қайырбек, облыс әкімінің Алғыс хатына – Шеңбер ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Бақытжан Жанабаева, Жезді кенті әкімі аппаратының бас маманы Бауыржан Баймұратов иеленді.
Мерекелік салтанатта бір топ еңбек ардагерлеріне де құрмет көрсетілді. «Ұлытау ауданының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі – Жаңбырбай Дәрібаевқа, Мұханбетқали Сейтқазиновқа, Отаубай Жөкебаевқа, Елтынды Дүйсенбаевқа, Хайдарбек Ержановқа, Серік Баймағанбетовке, Мұханбетжан Еділбаевқа, Кенбай Наушарбановқа, Думанбек Нұрахметовке табысталды.
Ұлытау ауданының Құрмет грамотасымен – аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Марлен Мақсұт, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Каренов, аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы Самал Сексенбаева марапатталды. Аудан әкімінің Алғыс хатына – аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Қанат Сакипов, Ұлытау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әділет Әбдірайым, аудандық ПБ ақпарат және байланыс тобының технигі, полиция сержанты Қарлығаш Турабекова, аудандық ПБ анықтау тобының анықтаушысы Бекзат Мұрат иеленді.
Шара барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант қабылдау рәсімі де өткізілді. Жас маман Жанель Мейрамқали аудан жұртшылығы алдында мемлекеттік қызметті адал атқаруға сенім білдіріп, ант қабылдады.
Басқосудың екінші бөлімінде полиция қызметкерлері марапатталып, құрмет пен қошеметке кенелді. Бұл жолы марапаттау сәті аудандық полиция бөлімінің бастығы Жәнібек Наурызбаевтың құттықтауымен бастау алды. Әуелі Ішкі істер министрінің № 517 бұйрығымен аудандағы жеке құраммен жұмыс жөніндегі тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Шолпан Талғатқызына алғыс жарияланды. Бұдан кейін «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен уақытша қамауда ұстау изоляторының бастығы, полиция майоры Дулат Әбдікәрімов марапатталды.
Ішкі істер министрінің Алғыс хаты – аудандық ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы, полиция капитаны Асылзат Жаңбыршиеваға, Полиция департаменті бастығының Құрмет грамотасы – полиция ардагері Нұрлан Шайгөзовке, «Қазақстан Полициясына-30 жыл» төсбелгісі – Талғат Әбілевке берілді.
Сондай-ақ, Ұлытау ауданы полиция бөлімінің кіші сержанттары Айшуақ Жанабаев, Сержан Тауасаров, Сержан Мамырбаев, Бексұлтан Кенжетай – аудандық полиция бөлімі бастығының Алғыс хатын алды.
Бұдан соң, кезек тағы да марапатқа берілді. «Ауыл еңбеккерлері мен ауыл шаруашылығы салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Ұлытау облысы бойынша филиалының төрағасы Мақсұт Оспанов ауданның бірқатар азаматтарын марапаттады.
Филиал басшысы «Елеулі еңбегі үшін» медалімен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхинді, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық жұмыстары жөніндегі бөлім басшысы Қанат Бапов пен аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылығын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жансая Қалдыбайқызын марапаттады.
ҚР «Ауыл еңбеккерлері және ауыл шаруашылығы салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен – аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Әділ Совет марапатталды. Салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Ұлытау облысы бойынша филиалының Алғыс хаты – аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Мирас Қанат пен аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Гүлден Серікке табыс етілді.
Мерекелік шара мазмұнын жергілікті өнерпаздар әсем әндерімен одан әрі байыта түсті.

Қайрат ЖҰМАБАЙ.