Табиғатты аялау – адамзатқа парыз

Жуырда «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде дәстүрлі «Парктер шеруі – 2026» акциясының жабылу салтанаты өтті. Бұл акция табиғатты қорғау, қоршаған ортаны сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып, түрлі экологиялық іс-шаралармен ерекшеленді.

Акция аясында қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған сенбіліктер өткізіліп, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Оған «Жасыл ел» жастар жасағының мүшелері де белсенді қатысып, табиғатты қорғау ісіне өз үлестерін қосты.
Сонымен қатар, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және экологиялық білімін жетілдіру мақсатында «Жасыл ойын» атты экологиялық-танымдық сайыс өткізілді.
Сайыс барысында қатысушылар табиғатты қорғау саласындағы білімдерін сынап, белсенділік танытты.
Жабылу салтанатында акцияға қатысып, ерекше көзге түскен үздіктер марапатталды.
Іс-шарада табиғатты қорғау ісіндегі маңыздылық атап өтіліп, қоршаған ортаны сақтау әрбір азаматтың ортақ міндеті екені айтылды.
«Парктер шеруі» акциясы қоғамның табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және туған өлкенің табиғи байлығын келер ұрпаққа осы қалпында жеткізуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.
Алдағы уақытта да «Ұлытау» ұлттық табиғи паркі табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарын жалғастырып, экологиялық ағарту ісіне ерекше көңіл бөле бермек.

«Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ.