II Халықаралық «Заң мен тәртіп» фотобайқауы басталды
Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдің шығармашылық өкілдері қатыса алады.

Конкурсқа арналған жұмыстар төмендегі үш номинация бойынша қабылданады:
🔹1. «Заң мен тәртіп — қауіпсіз балалық шақтың кепілі»
🔹2. «Цифрлық қауіпсіздік: қоғам тыныштығын күзететін заманауи технологиялар»
🔹3. «Таза Қазақстан: тәртіп тазалықтан басталады»
Жұмыстарды қабылдау 2026 жылғы 10 маусымға дейін жалғасады.
Жұмыстар электрондық пошта арқылы қабылданады: Polisia.kz@bk.ru
Қатысу талаптары:
✔️ Бір қатысушыдан 3 фотосуретке дейін қабылданады;
✔️ Жұмыстар JPEG форматында қабылданады;
✔️ Сапасы кемінде 5 MP, 300 dpi болу керек;
✔️ Әр фотосуретке тиісті номинация көрсетілген қысқаша сипаттама қоса берілуі қажет.
Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.