Конкурс жариялайды

Ұлытау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ұлытау ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымға орналасуына конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

В 3-4 санаты бойынша: жоғары кәсіби немесе орта кәсіби білім.

Негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңының талаптарына сәйкес кітапхана жұмыстарын ұйымдастыру, әртүрлі шараларды өткізу, аудандық орталық кітапханаға есеп беру жұмыстарын ұйымдастыру, компьютерде жұмыс істей білу.

Ұлытау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Ұлытау ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Сарысу ауылдық кітапханасына 0,5 штат бірлігі бойынша кітапханашы.

Азаматтық қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

Санаты Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты белгіленед
1 жылға дейін 25 жылдан асса
В 3-4 46269 51983

Функционалдық міндеттері: кітапхана жұмыстарын ұйымдастыру, кітап қорымен жұмыс жасау, арнайы жоспарға сәйкес оқырмандармен бірге кездесулер, диспуттар, акциялар, әдеби кештер, тағы басқа да мәдени-көпшілік шараларды өткізу, оқырмандармен талапқа сай жұмыс істеу, кітап қорының толықтыру жұмыстарымен айналысу және жаңадан келген кітаптарды оқырмандарға таныстыру, аудандық орталықтандырылған кітапханаға есеп беру шараларын ұйымдастыру. Апта сайын бөлімге өткізілген іс-шаралар жөнінде ақпарат беріп отыру. Еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету.

Үміткерге қойылатын талап: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын білу қажет.

Конкурс: Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметкерлердің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесі» негізінде өткізіледі. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс бойынша құжаттар қабылдау аяқталған соң 5 жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: өкілетті орган белгіленген нысанда өтініш, өкілетті орган белгіленген нысанда толтырылған сауалнама, кадр есебі бойынша толтырылған іс-парағы (нақты мекен-жайы мен телефондары қөрсетілуі тиіс) білім туралы құжаттардың нотариалдық немесе өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмесі, еңбек кітапшасының көшірмесі, өмірбаяны, денсаулығы туралы (№ 086) белгіленген нысандағы анықтама: 3х4 үлгідегі 2 фотосурет, жеке куәлігінің көшірмесі.

Осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралына ( «Ұлытау» газетінде) жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде құжаттар мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: инд. 101500. Қарағанды облысы. Ұлытау ауданы. Ұлытау селосы. Абай көшесі, 36 үй. тел: 8(71035) 2-11-87.

Аудандық орталық кітапхана