Алдағы 3 жылда барлық сыныптың оқулықтары жаңартылады
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, келесі жылы 3, 4, 7, 8 және 9-сыныптарға арналған оқулықтар жаңартылмақ.

Сонымен қатар 2027 жылы 1 және 5-сыныптарға жаңа оқулықтар шығару, сондай-ақ 10-11 сыныптарға арналған оқу құралдарын жаңарту жоспарланған. Бұл ретте карталар, тарихи және әкімшілік материалдар толықтай ауыстырылады.
Ал 2028 жылы 2 және 6-сыныптарға арналған жаңа оқулықтар әзірленеді. Ведомство мәліметінше, оқу қорын кезең-кезеңімен жаңарту жаңа білім беру стандарттарын жүйелі түрде енгізуге мүмкіндік береді.
