Ұлттық киімдегі әжелер референдум учаскесіне тобымен келді
Ұлытау облысында тұратын бір топ әже бүгінгі референдум күнінде өздерінің учаскесіне дауыс беруге ұлттық киімдерімен қаздай тізіліп келді.

– Біз қайда барсақ та, осылай тобымызды жазбай жүреміз. Бүгін де сол салтымызды сақтап, жаңа Ата заңымызға, еліміздің болашағына дауыс беруге келдік, – дейді.
Азаматтық ұстанымын танытқан ақ жаулықты аналарға естелік сыйлықтар табысталды.
