Жас буын өкілі алғаш дауыс берді
Ұлытау ауданына қарасты Қарсақбай кентіндегі референдум учаскесінде алғаш рет дауыс беріп жатқан жастың бірі – Рауан Айтболат. Жас буын өкілі ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға қатысып, өз таңдауын жасады.

Алғаш рет дауыс беру – әр азаматтың өміріндегі толқынысқа толы, жауапкершілігі мол ерекше сәт. Бұл – тек жеке таңдау ғана емес, ел ертеңіне деген сенім мен жауапкершіліктің белгісі. Рауан Ерланұлы үшін де бұл күн өміріндегі есте қаларлық маңызды кезеңдердің бірі болды. Ол референдум учаскесіне келіп, өз дауысын беріп, азаматтық ұстанымын айқын көрсетті.

— Әр қоғамдық өмірге белсене араласқан жас сайлаушының қадамы – елдің ертеңіне деген сенімнің көрінісі деп білемін. Себебі, елдің жарқын болашағы – білімді, белсенді әрі жауапкершілікті жастардың қолында. Мен мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен жарқын келешегі үшін дауыс бердім, – дейді Рауан Ерланұлы.
