Мәслихат депутаттарының III республикалық форумы басталды

Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 2 мыңнан астам депутат қатысып жатыр.

Шараның мақсаты – Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан саяси реформаларды жалғастыру аясында, соның ішінде жаңа Конституция жобасы шеңберінде депутаттар мен мәслихаттардың жұмыс тәсілдерін жаңарту.

Сондай-ақ мәслихаттардың рөлін күшейту, халықпен ашық байланыс орнату және өңір мәселелерін тиімді шешу жолдары талқыланады.