Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тұтынушының өтінішін қараудан бас тартуы мүмкін бе?

ЖАУАП: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 42-6 бабына сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган тұтынушыға оның өтінішін қараудан мынадай:
1) сол тараптар арасындағы дауды дәл сол нысана бойынша және дәл сол негізде сот қараған;
2) заңды күшіне енген сот шешімі не тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу субъектісінің сол тараптар арасындағы, дәл сол нысана бойынша және дәл сол негізде тұтынушылық дауға қатысты қабылдаған шешімі бар болған жағдайларда, бас тартады.
Бас тарту үшін өзге де негіздер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленуі мүмкін.
2. Тұтынушының өтінішін қараудан бас тарту туралы шешім, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзге мерзім көзделмесе, тұтынушының өтінішін алған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылдануға тиіс.
3. Тұтынушының өтінішін қараудан бас тарту туралы шешім дәлелді болуға тиіс.