Сатушы қолма қол ақшамен төлесең, тауардың бағасы арзандау болады дейді. Бұл дұрыс па?

ЖАУАП: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 8-1-бабына сәйкес төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдау кезінде қолма-қол ақшамен төленген жағдайдағы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сату бағасынан асатын баға белгілеу шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын талаптар болып есептеледі.