«Тұрмыс» профилактикалық іс-шарасы өтуде
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес, 2026 жылдың ақпан айының 15-22 күндері аралығында республика аумағында отбасы – тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар санының және алкогольдік мас күйде жасалған қылмыстар саны өскені байқалады. Осы ретте, облыс аумағында криминогендік жағдайды сауықтыру және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында аудан аумағында республикалық «Тұрмыс» профилактикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ, қауіп-қатер тобындағы отбасылармен профилактикалық жұмыстар жүргізу болды.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері есепте тұрған тұлғаларды, бұрын құқық бұзушылық жасаған азаматтарды және қолайсыз отбасылардың тұрғылықты мекен-жайын арнайы тексерді. Сонымен қатар, қорғау нұсқамаларының сақталуы, ерекше талаптар белгіленген тұлғалардың мінез-құлқы бақылауға алынатын болады.
Отбасындағы зорлық-зомбылық – бұл тұрмыстық мәселе емес, ауыр қылмыс екенін еске салғымыз келеді. Сондықтан, заңды бұзған әрбір адам міндетті түрде жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.
Егер, Сіздің немесе жақындарыңыздың арасында осындай жағдайлар болып жатса, «102» – полиция қызметі мен «111» – сенім телефондарына хабар беріңіздер. Ондай жағдайды көріп тұрып, үндемей қалмаңыз, қорықпаңыз. Көмек сұраңыз. Қорғау – сіздің заңмен бекітілген құқығыңыз.
Асылзат ЖАНБЫРШИЕВА,
Ұлытау ауданы полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны.

