Жол қауіпсіздігін сақтау – әр азаматтың міндеті
Жол-көлік оқиғалары қазіргі таңда қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып қала беруде. Ел аумағында түрлі жол апаттарының орын алып жатқаны әрбір жол қозғалысына қатысушыны бейжай қалдырмауы тиіс. Алайда, қуантарлық жайт – аудан аумағында соңғы уақыттарда жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ.

Сонымен қатар, жол инфрақұрылымын жақсарту, жол белгілерін жаңарту және қауіпті учаскелерге бақылауды күшейту де өз нәтижесін беруде. Жүргізушілердің жауапкершілігі мен тәртіптілігі жолдағы қауіпсіздіктің басты кепілі екені белгілі.
Дегенмен, жол-көлік оқиғалары мүлде орын алмайды деп бейқамдық танытуға болмайды. Әрбір жолға шыққан сәт — жауапкершілік. Бір ғана ережені елемеу ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Сондықтан аудан тұрғындарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауға шақырамыз.
Жол қауіпсіздігі — тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша азаматтың ортақ міндеті. Осы бағытта бірлесіп әрекет еткен жағдайда ғана жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және қауіпсіз орта қалыптастыруға болады.
Ұлытау ауданының прокуратурасы.
